Добро пожаловать на портал Единого контакт-центра Республики Казахстан!

АКТИВНЫЕ
ТЕМЫ
48
ЗАКРЫТЫЕ
ТЕМЫ
41 921

Мы поможем Вам найти интересующую Вас информацию

Қазақ тілін дамыту

126

Ассалаумағалейкум, Менің аты-жөнім Мұратов Абылай. Мен Орал қаласының тұрғынымын және жасым 28-де. Мен жеке мекемеде қызметкер болып жұмыс жасаймын. Қазіргі таңда қазақ тілін ұмытып, сөйлегісі келмейтін азамат, азаматшалар жетеді. Оларды мектепте, коледждерде, жоғарғы оқу орындарда шамалы оқытатын сияқты. Сөйлемек түгіл түкіргенім бар деп бір орысша сөйлейтін қазақ қызы айтып еді. Мені бір еріккен деп ойлап қалмаңыздар, өйткені қоғамдағы бір дерттің біреуі екені айғақ. Барлық оқу орындарда ағылшын үйретеді. Соның ішінде арнайы жеке ағылшын тілін үйретуші оқу орындар, мектеп лицей, гимназия және т. б. Шет тілін жасың, кәрің меңгеріп алады. Олар арнайы жерлерде және веб камерамен яғни онлайн болсын сөйлеу мәнерін дамытады. Ағылшын тілінде speaking, discussion club дейді. Тап осындай қазақша сөйлеу атты пән неге орнатпасқа қазақ тілі сабағынан тыс орыс оқу орындарында және бөлімінде. Ол сабақта түрлі тақырыпқа байланысты оқушылар өз ойын айтып, бөлісіп және кішкене де болса талқылай сөйлесе нұр үстіне нұр болады. Өйткені қазақ тілі сабағы жүргізілгені не керек, олар одан мүлдем жұрдай және ата-анасы солай тәрбие берген. Бұл өтініш сіздерге. Осыны оқып отырған азамат, азаматша егер қазақ тілі сізге қымбат болса жоғардағы басшыларға осы ойымды жолдауыңызды сұраймын.

Ответы 0