Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Белсенді
тақырыптар
293
Жабық
тақырыптар
23 842

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Салыққа берешегі жоқ туралы анықтама

1333

Менің өзім ақпанның басынан бері анықтама ала алмай отырмын, әрқашан жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр деумен келесіздер. Егер ол жоспарлы жұмыс болса, уақытында орындалар еді. Уақытында орындалмағанына қарағанда, жоспарсыз жұмыс жасап отырсыздар, немесе жоспардағы жұмысты орындаудан бас тартып отырсаңыздар да жалақы алып отырсыздар. Жұмытарыңызды қадағалайтын басшыларыңыз да өзіне тиесілі міндеттерін орындамай отыр. Ол қай жұмысы үшін жалақы алып отыр, сонда.

Жауаптар 1

03.06.2015
Сәлеметсіз бе! ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген "Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Салық төлеушінің кабинеті 2) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы Яғни, жогарыда баяндалганнын негизинде, электронды укимет порталында "Централизованные унифицированные лицевые счета" ИС бирге техникалык жумыстар жургизилип жаткандыктан аныктаманы cabinet.salyk.kz порталында онлайн режимде алуынызга болады