Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Белсенді
тақырыптар
87
Жабық
тақырыптар
23 490

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Удостоверение

87

Салеметсиз бе! Менин удостоверениемнин срогы 8 желтоксанда битеди. Бирак 4 айдан бери Ресейде болгандыктан ауыстыруга мумкиндик болмады. 28 желтоксанда Казакстанга Орал каласына кайтамын. Кейин 4 Кантарда Алматы каласына кайтуым кажет. Демалыс кундерине сайкес келген сон Орал каласында удос досрочно да жасап улгермейди екем. Алматыга мерзими отип кеткен кужатпен бара аламын ба? Осы жагдайда не жасау кажет? Рахмет

Жауаптар 1

Сәлеметсіз бе, құрметті қызмет алушы! Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқұқ бузушылық » заңының 492-бабына сәйкес. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Толығырақ ақпаратты  "Азаматтар үшін үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа Қызмет Көрсету орталығы) көрсетілетін қызметті беруші құжаттандыру бөлімінен ала аласыз.

Хабарласқаныңызға рахмет,сау болыңыз!