Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Белсенді
тақырыптар
16
Жабық
тақырыптар
22 853

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Салықтық

1763

Салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар)екені туралы мәліметтер алу қашан қосылады?

Жауаптар 1

13.02.2015
Сәлеметсіз бе! ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген "«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Салық басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) арқылы; 2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Портал, Салық төлеушінің кабинеті – тәулік бойы жұмыс істейді (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Осы себепті, жоғарыда көрсетілген анықтаманы Салық төлеушінің кабинеті веб-қосымшасы бойынша ала аласыз.