Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Новости

24.02.2020

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа мәжілісінде өзінің жобаларын көрсетті

2576

Smart Bridge, МО ИРБП, egov mobile және әлеуметтік желілердегі чат-боттар сияқты жобалар алқа қатысушыларына көрсетіліп, оң пікірлер алды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов автоматтандыру және электрондық түрдегі қызметтер санын арттыру есебінен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

2019 жылы «ҰАТ» АҚ  300-ден астам интеграциялау жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылы бұл жұмысты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жалғастыру жоспарлануда. 

Бұдан басқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан Smart Bridge және Smart Data Ukimet жаңа ауқымды жобалар туралы айтып берді. 

Бұдан бұрын Smart Bridge платформасындағы  табысты интеграциялар туралы айтылды, енді «ҰАТ» АҚ қызметкерлері бизнес өкілдерімен және мемлекеттік органдармен тұрақты кездесулер өткізуге ниетті.

Осылайша, 2019 жылы үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Енді Қоғам  ағымдағы жылы өзінің жобаларын қолданысқа енгізіп, оны одан әрі дамытуды  басты мақсат  етіп отыр.

Жауаптар 1

11.05.2020
Вы пишите: главная цель общества внедрять и развивать проекты. Конкретно какого Общества имеете ввиду?