Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Новости

06.05.2019

СМС арқылы жаңа туған нәрестелерді тіркеуге қойыңыз, жәрдемақыны ресімдеңіз және балабақшаға кезекке қойыңыз

968

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ СМС арқылы Бала тууды тіркеу, жәрдемақыны  ресімдеу және балабақшаға кезекке қою мүмкіндігі туралы естеріңізге салады.

Асыға  күткен күн де келіп жетті, Сіздің балаңыз дүниеге келді.

Жаңа азамат дүниеге келгеннен кейін оған құжаттар ресімдеу қажеттілігі  туындайды, бір мезгілде  «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) барып құжаттарды ресімдеу әрі  туған нәрестеге  де көп уақыт бөлу қажеттілігінің туындауы Сізді қиын жағдайға қалдырады. 

Осындай жағдайда проактивті қызмет арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, жәрдемақыны ресімдеуге және тіпті баланы балабақшаға кезекке қоюға болады.

Проактивті қызмет алу үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет.

Сізге ыңғайлы болу үшін біз Мобильді азаматтар базасында тіркелудің келесі тәсілдерін ұсынамыз:

  1. Өз бетінше ЭЦҚ қол қоя отырып Порталдың (eGov.kz)  жеке кабинеті арқылы;

Сіз мына сілтеме бойынша Тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен таныса аласыз: http://egov.kz/cms/sites/default/files/instrukciya_po_registracii_v_mobilnom_pravitelstve_0.pdf.

  1. «Азаматтарға арналған үкімет»  МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкеріне жүгіну;

Сіз мына сілтеме  бойынша байланыс деректерімен таныса аласыз - https://gov4c.kz/ru/kontakty/kontaktnaya-informaciya/.

  1. Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы «Азаматтарға арналған үкімет»  МК КЕАҚ өкілдеріне жүгіну.

Медициналық мекемеден хабарлама алған соң, ақпараттық жүйе бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде Сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС жібереді.

СМС-те  сондай-ақ, Telegram-ботқа сілтеме болады (https://t.me/EgovKzBot),  ол өз кезегінде Telegram қосымша арқылы қызметті алу мүмкіндігін білдіреді.

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін мәліметтер баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын өзінде қамтитын СМС-сұратулар арқылы сұратылады.

Порталда (eGov.kz) проактивті  қызмет алу үшін қалай жауап СМС жіберу  керектігі  туралы көрнекі үлгілер  көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған.

Ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://egov.kz/cms/ru/articles/child/proactive-birth.

Жауаптар 0