Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Новости

04.01.2019

Балаларды eGov.kz арқылы тіркеу мүмкін болды

1017

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «16 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу» жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл көрсетілетін қызмет eGov.kz порталыда электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы көрсетіледі.

Қызметтің өзі «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінде, «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» қосымша бетінде қолжетімді.

Осы көрсетілетін қызметті алу үшін «Онлайн сұрау» түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда баланың ЖСН, келу мақсаты, тіркелу себебі және ол баланы тіркеуге ниет білдірген тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер жылжымайтын мүліктің меншік иесі өтініш беруші болып табылса, онда оған өз өңірін немесе мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсету және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қою қажет.

Егер де өтініш беруші – жылжымайтын мүлік иесі болса, ол өңірді және мекенжайдың тіркеу кодын (РКА) көрсетуі тиіс, содан соң ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Егер де тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет (егер де тұрғын үйдің бірнеше меншік иесі болса, олардың біреуінің ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен ҚР «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады). Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзінің келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соң өтінім тіркелуге ниетті азаматтың Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған өзінің сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оның өңделуіне 10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өңделіп болған соң, порталда мәртебесі көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып, тіркелу мекенжайын тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу қызметі, ата-ананың «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ фронт-кеңселеріне жүгінген кезде көрсетілетін болатын.

Жауаптар 0