Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Новости

16.10.2018

Жұмысты және қызметкерлерді @EgovKzBot қосымшасында іздеуге болады

276

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл үшін қажет барлық нәрсе:

Әрбір мүдделі тұлға (жұмыс беруші немесе ізденуші) "жұмыс табу" немесе "маман табу" деген қажетті команданы таңдау қажет.

"Жұмыс табу" қызметін таңдау кезінде пайдаланушы жұмысқа орналасқысы келетін аймақты көрсету, сондай-ақ қалаған позицияны (талдаушы, мұғалім және т.б.) көрсету қажет.

Нәтижесінде, @EgovKzBot пайдаланушысы электрондық еңбек биржасының enbek.kz сайтынан тартылатын жалпы түйіндемелердің санын алады, сонымен қатар, көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты бір қорытынды беру үшін мекемеде тексеріс өткізу қажет екенін хабарлаймыз.

Жұмыс берушілерге "маманды табу" қызметі қажетті бос жұмыс орны (еркін толтыру) бойынша қызметкерді іздестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін тиісті аймақты көрсетіп, сұралған деректерді көрсету қажет.

Нәтижесінде мамандардың барлық тізімінен жеке карточкаларын қарап, тиісті кандидатураны сұхбатқа/сұхбаттасуға шақыруға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электронды үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетеді, мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттың қауіпсіздігіне жауап береді («Заңды тұлға», «Жеке тұлға», «Мекенжай регистрі», «Жылжымайтын мүлік регистрі», «Е-лицензиялау», «Е-техбайқау»). Беткеұстар бағыттар бұл – “Электронды үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kzқосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

 

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz

Жауаптар 0