Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығы порталына қош келдіңіз!

Біз Сізге қажет ақпаратты табуға көмектесеміз

Новости

30.03.2015

Қостанайда деректерді өңдеу орталығы іске қосылды

5656
Қостанайда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) пайдалануға берілді. ДӨО ашылу салтанатына «Зерде» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Зарема Қорғанбекова мен Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі Арман Әбенов қатысты. Деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» үшін өңірлік деңгейдегі инфрақұрылымдық алаңы болып табылады, оның барлық тіршілікті қамтамасыз ету инженерлік жүйелері сақтық қорда сақталған. Бұл ДӨО 24х7х365 тәртібінде жұмыс істейтінін, тоқтаусыз жұмыс пен бағдарламалық-аппараттық кешендердің істен шығу төзімділігін 99,749% деңгейінде сақтайтынын және мәліметтерді жүйеге рұқсат етілмеген қолжетімділіктер мен физикалық бұзылудан сақталуын қарастырады. Бүгінгі таңда ДӨО Colocation мен Hosting қызметтерін ұсынады. Colocation қызметі мемлекеттік органдардың құрылғысын орналастыру мен инфрақұрылымның жалға берілуін болжайды. Hosting – бұл тұрақты түрде желіде орналасқан серверде ақпаратты сақтау үшін есептеу қуатын ұсыну бойынша қызметі. ДӨО қызметтері мемлекеттік органдарға серверлік инфрақұрылымдардың құрылысына, оны жабдықтауға және сервистік сүйемелдеуге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу орталығының жалпы көлемі 200 ш.м. артық, электрмен қамту, ауабаптауыштары, автоматты газдық өрт сөндіру, күзет-өрт сөндіру сигнал жабдығы, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ мониторингтің кешендік жүйесімен және басқару жүйесімен жабдықталған. Естеріңізге салсақ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ДӨО «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бағдарламасы аясында іске қосылды.

Жауаптар 0